Сайлау-2015

Көкшетау жастары сайлаудың өтуін түнгі мерекелік кешпен атап өтті

Көкшетауда жастар ҚР Президенті сайлауының аяқталуына байланысты талантты жастардың қатысуымен би мен салтанатты кеш өткізді.
Ақмола 27 Сәуір, 03:16

Сайлау нәтижелері - Н.Назарбаевтың 97,5% дауыс жинағаны жарияланған соң халық алдында Ақмола облысы Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, медицина ардагері Болат Жанәділов сөз сөйледі.

«Бүгінгі Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді жеңісі бізге жарқын болашаққа деген үлкен үміт сыйлайды. Елімізде баяғыша бейбітшілік, тұрақтылық пен достық жалғасады. Балаларымыз лайықты білім алады. Біз қазақстандық халықтың алдында үлкен асулар тұрғанына сенімдіміз. Осы ретте біз өз үлесімізді қосуымызды ұмытпауымыз керек», - деді Болат Жанәділов.





Яндекс.Метрика