Сайлау-2015

Қазақстандықтар тағы бір рет тұрақтылықты, бейбітшілік пен өркендеуді қолдайтынын дәлелдеді – ҚХА мүшелері

Сайлаушылардың басым бөлігі - 97,5% өз дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді, бұл өз кезегінде Елбасы саясатына деген халықтың риясыз сенімін білдіреді, деп атап өтті Алматы облысы ҚХА мүшелері Талдықорғандағы Достық үйінде өткен салтанатты кеште.
Алматы27 Сәуір , 02:37

«Бүгін қазақстандықтар тағы бір рет тұрақтылықты, бейбітшілік пен өркендеуді қолдайтынын дәлелдеді. Көптеген жылдар бойы Қазақстанның Ұлт көшбасшысы демократиялық және құқықтық мемлекетті қалыптастыруда қиын қыстау заманды басынан өткерді», - деп атап өтті «Ахысқа» облыстық түрік мәдени орталығы филиалының төрағасы Шахисмаил Асиев.

Аймақ жұртшылығы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен  еңбегі ештеңемен салыстыруға келмейтініне сенімді.

«Әлемдік экономикадағы дағдарыс кезінде сәтті өткен президенттік сайлау  еліміздің одан ары даму бағдарын анықтайды. Ол жолды Ұлт көшбасшысы ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаевқа өз дауысын берген сайлаушылар өсіп-өркендеу жолын таңдады», - деп ағынан жарылды облыстық өзбек мәдениеті орталығының төрайымы Аида Алимбердиева.




Яндекс.Метрика