Сайлау-2015

Ақтауда сайлау қорытындысына арналған мерекелік концерт өтті

Ақтауда сайлау қорытындысын қала халқы әкімдік маңындағы Астана алаңында қарсы алды.
Маңғыстау27 Сәуір , 02:21

Дауыс беру нәтижелерін жария ету кезінде алаңға 1000-ға тарта адам жиналды. Олардың қатарында жергілікті тұрғындармен қатар қала қонақтары да бар.

«Белгілі болғандай, Қазақстан халқы қазіргі Президентке дауыс берді. 97 пайыз – аз шама емес, бұл өте жақсы көрсеткіш. Қазақстан 130-дан астам этностың шаңырағына айналған ел. Біз бейбітшілік пен тұрақтылықта өмір сүреміз, осының барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы», - дейді Ақтау тұрғыны Ғани Әбдісадықов.

Айта кетерлік жайт, мерекелік концертке жиналған тұрғындар бір-бірін айтулы күнмен құттықтап, ән айтып, би биледі. 

Бұдан басқа, сайлаудың алдын ала нәтижелері жария етілмей тұрып, шаһардың автосүйер қауымы автошеру ұйымдастырды.

 




Яндекс.Метрика