Сайлау-2015

Еxit-poll-дың алғашқы нәтижелері Қазақстанның болашақта бір мақсатты ұстанатынын көрсетті - Ысқақова

Сайлау қазақстандық қоғамның жоғары деңгейде шоғырланғандығын көрсетті, деп хабарлады Қазақстан саясаттанушылары конгресінің мүшесі Жұлдызай Ысқақова дөңгелек үстел барысында.
Астана қаласы27 Сәуір , 02:17

«Сайлау қазақстандық қоғамның жоғары деңгейде шоғырланғандығын және ынтымақтастығын көрсетті. Бүгін қазақстандықтар шыныменде өз болашағы үшін дауыс берді.  Және еxit-poll-дың алғашқы нәтижелері Қазақстанның болашақта бір мақсатты ұстанатынын көрсетті», - деді  Ж. Ысқақова.

«Менің ойымша бірде бір мемлекетте еxit-poll-дың нәтижесі 97,5% көрсеткен емес. Оның үстіне сайлаушылардың келуі 95%-дан асты. Бұл шын мәнінде теңдесіз оқиға», - деп жалғастырды сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы аяқталған соң сарапшы – саясаттанушылардың, экономистердің, әлеуметтанушылардың қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Отырыс барысында сарапшылар сайлаудың өту барысы мен алғашқы нәтижелерін талқылады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика