Сайлау-2015

Ж.Медеуов: Бағыт сабақтастығы – Елбасы бағдарламасының ерекшелігі

Нұрсұлтан Назарбаев бағыт сабақтастығын сақтап келеді, деді Қазақстан саясаттанушылары конгресінің мүшесі Жомарт Медеуов «дөңгелек үстел» отырысы барысында.
Астана қаласы27 Сәуір , 02:05

Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы аяқталған соң сарапшы – саясаттанушылардың, экономистердің, әлеуметтанушылардың қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Отырыс барысында сарапшылар сайлаудың өту барысы мен алғашқы нәтижелерін талқылады.

«Мұндай нәтиже күтілген. Себебі Елбасы бағдарламасының басты артықшылығы бағыт сабақтастығы. Біздің Президент бастамашыл, ол ұсынған барлық бағдарламалық құжаттар толығымен жүзеге асырылады», -  деп атап өтті ол.

Саясаттанушының айтуынша, Президент бұл сайлауға «Нұр Отан» партиясы съезінде таныстырған 5 институционалды реформасымен шықты, олар бір уақытта қабылданған өзге бағдарламалармен сабақтас болатын.

«Осылайша сабақтастық сақталып келеді», - деп толықтырды ол. 




Яндекс.Метрика