Сайлау-2015

ҚР Президенті сайлауына қолдау көрсету мақсатында Петропавлда автошеру өтті

Петропавлда «4х4» автоклубының жетекшісі Александр Градволь қала әкімдігі мен автоәуесқойлардың қолдауымен ҚР Президенті сайлауына арналған автошеру өткізді.
Астана қаласы 27 Сәуір, 01:50

«Автошеруге 35 автомобиль қатысты, олардың барлығы Қазақстан Республикасының туымен және «Мәңгілік ел» туымен безендірілді. Бізде сайлауға өз үлесімізді қоссақ деп едік, себебі біз өз Отанымыздың патриотымыз», - деді А.Градволь.

Оның айтуынша, автошеру «Солтүстік шұғыласы» паркінде басталып Петропавл қаласының көшелерін аралап, Тәуелсіздік алаңында аяқталды. 

Содан кейін қолында туы бар азаматтар қонақтардың қошеметімен сахнаға көтерілді.

Сахнада «Біз сайлауда дауыс бере отырып, белсенді азаматтық  көзқарасымызды білдірдік» деген ұранмен жастардың шоу-бағдарламасы өтті. 





Яндекс.Метрика