Сайлау-2015

Әділ Қаукенов: Қазақстандық қоғам саналы және дұрыс таңдау жасау үшін жетілді

Қазақстандық қоғам саналы және дұрыс таңдау жасау үшін жетілді, деді саясаттанушы Әділ Қаукенов журналистерге берген сұхбатында
Астана қаласы27 Сәуір , 15:48

«Бүгін біз Қазақстанда сайлауға адамдардың көптеп келуін байқадық. Сайлауға дейінде мұндай болжам жасалынған. Бұл өз кезегінде қазақстандық қоғамның жоғары даму деңгейі кезеңінде екенін көрсетеді. Бұл оң өзгерістер қоғамның әр мүшесіне айтарлықтай табыс әкелуде және мемлекетті одан ары дамыта түспек», - деп мәлімдеді сарапшы.

Оның айтуынша, қазақстандықтардың көбі өз таңдауын жасады, ол Қазақстандағы азаматтық және демократиялық қоғамның қалыптасу процесімен тығыз байланысты.

«Қазақстандағы қоғам жетілді, ол басынан көптеген кезеңдерді өткерді және саналы, әрі дұрыс таңдау жасай алатын жағдайға жетті. Қоғамның әр жауапты тұлғасы сайлауға қатысудың маңыздылығын жіті түсінеді, ол мемлекеттің жетістігін нығайтуға, оның векторы мен демократиясын күшейтуге мүмкіндік беретінін түсінеді», - деп түйді Ә.Қаукенов.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика