Сайлау-2015

Қазақстандағы сайлау екі рекорд орнатты – саясаттанушы

Қазақстандағы сайлау екі рекорд орнатты, бұл өз кезегінде жоғары азаматтық ұстанымды білдіреді, деді саясаттанушы Данияр Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында.
Астана қаласы27 Сәуір , 19:38

«26 сәуірде өткен кезектен тыс президенттік сайлау екі рекорд орнатты, бірінші кезекте адамдардың көптеп келуін айтса болады. Мұндай белсенділік пост кеңестік кеңістікте және жалпы әлемде бұрын соңды байқалмаған. Жоғары азаматтық ұстаным мен сайлауалды компаниясының жақсы жұмысы туралы айтуға болады », - деді саясаттанушы.

Оның айтуынша, мұндай көрсеткіштер қазақстандықтар үшін рекордтық болып табылады. «Екіншіден, exit-poll мәліметтері аясында Елбасының жеңісі туралы жарияланған мәліметтер жергілікті халық бар үмітін оның қызметімен байланыстыратынын көрсетеді. Ол сайлаушылардың 97%-дан астам дауысын жинады », - деп жалғастырды  Д. Әшімбаев.

Сарапшы атап өткендей, халық тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін жоғары бағалайды. Олар ұлтаралық келісім, саяси тұрақтылық, экономикалық реформа мен жоғары әлеуметтік қамтамасыз ету деңгейі.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика