Сайлау-2015

Қазақстандықтар бүгінгі Президентпен байланыстыра отырып өз таңдауларын жасады – Кучинская

Еxit-poll мәліметтері бойынша Н.Назарбаевқа 97,5% сайлаушылар дауыс берді, деп мәлімдеді Демократия институтының директоры Юлия Кучинская ОКҚ-да өткен брифингте.
Астана қаласы27 Сәуір , 00:38

«Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы барысында Демократия институты жалпыұлттық exit-poll өткізді.  Зерттеу аясында 14 облыс пен Астана және Алматы қалары қамтылды. Exit-poll таңғы сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін 550 сайлау учаскесінде жүргізілді, оның ішінде 312 - қалалық, 238 - ауылдық. Жалпы, еxit-poll өткізу үшін 1500-ден астам адам тартылды. Exit-poll әдістемесін қазақстандық және шетелдік ғалымдар сынап көрді, ол сенімді деректерді алуға мүмкіндік береді.  Сонымен, exit-poll бойынша ҚР Президентіне кандидаттардың нәтижесі былай болды: Н.Назарбаевқа - 97, 5%, Ә.Құсайыновқа - 0,63%, Т.Сыздықовқа - 1,87%.

Ю.Кучинская атап өткендей, қазақстандықтар бүгінгі Президентпен байланыстыра отырып өз таңдауларын жасады.

«Зерттеу Қазақстанның Азаматтық альянсы көмегі арқылы жүзеге асырылды», - деп толықтырды ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика