Сайлау-2015

«Мықты жастар - мықты мемлекет» акциясына 3 мыңнан астам жастар қатысты (ФОТО)

«Алтын өркен» бейбітшілік пен келісім қоры Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Президентінің сайлауының аяқталуына орай арнайы акция өткізді.
Астана қаласы 27 Сәуір, 00:21

Акцияның мақсаты  - қазақстандық жастардың басын қосып, олардың бойында патриоттық рухты көтеру. ҚР Президентінің сайлауының аяқталуына арналған акцияға 3 мыңнан астам адам қатысты»,-дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Райхан Әбдешова.  

Бұған қоса, акция аясында авто және мото жарыс өтіп, оған  30 автомобиль мен 20 байкер қатысты.

«Бүгін мен сайлауда алғаш рет дауыс бердім. Біз жастар өзіміздің сайлауға қатысуымыздың маңызды екенін жете түсінуіміз керек. Менің  18 жыл өмірім бақытты болды. Мен одан әрі қарай да алаңсыз өмір сүргім келеді»,-деді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің үшінші курс студенті Камиль Байрамов.  

Флеш-моб шарасы аяқталған соң қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті өтті және мерекелік отшашу болды.

Камила Амирова

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика