Сайлау-2015

Қазақстанда Президент сайлауы аяқталды – ҚР ОСК

Қазақстанда Президент сайлауы аяқталды, деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мельдешов.
Астана қаласы26 Сәуір , 21:25

«Барлық байқаушылар мен сарапшылар күні бойы сайлаушылардың белсенділігін атап өтті. Жастар арасында бұрын-соңды болмаған белсенділік байқалды. Қазір учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері дауыстарды санауға кірісті. Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңының 43- бабының 3-тармағына сәйкес,  дауыстар  әр кандидат бойынша бөлек саналады. Дауыстарды санау мерзімі 12 сағаттан аспауы керек»,-деді Б.Мельдешов.  

Бұл ретте Қазақстанның Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау сияқты  өңірлерінде уақыт ерекшелігіне байланысты сайлаудың 21-00-де аяқталғандығын атап өту керек.   

«Сонымен қатар шет мемлекеттерде орналасқан көптеген сайлау учаскелерінде дауыс беру әлі  аяқталған жоқ. Шет мемлекеттегі 65 сайлау учаскесінің 47-де әлі дауыс беру жалғасуда»,-деді хатшы.  

ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге келуінің алдын ала қорытындыларын сағат 22-00-де жариялайды.  

Камила Амирова




Яндекс.Метрика