Сайлау-2015

Бундестаг депутаты К.Штренс қазақстандық сайлаушылардың белсенділігін атап өтті

Қазақстан халқын жарқын болашақ пен тұрақты даму күтіп тұр, ол үшін олар қуанулары керек, деген пікірде Германиядан келген халықаралық байқаушы, Бундестаг депутаты Карин Штренс.
Астана қаласы26 Сәуір , 20:52

«Біз үшін Қазақстанға келіп, байқаушы ретінде жұмыс істеп, сайлаудың барысын бақылап, сайлауға қатысып, есептеп, қазақстандықтардың қаншасы дауыс бергендігін білу үлкен қуаныш»,-деді Карин Штренс.

Оның сөзінше, германиялық делегация бүгін Көкшетауда болып жергілікті тұрғындармен кездескен. «Бүгін біз Көкшетауда болып, сайлау барысын бақыладық. Жалпы алғанда халық өте белсенді дауыс берді»,-деді ол.  

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика