Сайлау-2015

Астаналық сайлаушылар дауыс беруді аяқтады (ФОТО)

Астанадағы №89 сайлау учаскесінде сағат 20-00-де Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беру шаралары аяқталды, бюллетеньдер салынған екі жәшік ашылды, деп хабарлайды №89 салау учаскесінің төрайымы Қайыркен Нұралинова.
Астана қаласы 26 Сәуір, 20:28

«№89 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Қазір дауыстарды санау жұмыстары жүріп жатыр. Сайлау өте белсенді өтті, әсіресе жастар тарапынан. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2 мың 689 сайлаушы сайлауға келді, кезектен тыс Президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетеньдер бітті»,-деді Қ.Нұралинова.

Бұған қоса, үйлерінен дауыс берген 11 адамның бюллетеньдері салынған екінші жәшік те ашылды.  

Естеріңізге салак кетейік, дауыс беру республика бойынша 9 мың 741 сайлау учаскелерінде өтті.

ҚР Президентінің сайлауында дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 7-00-де басталып, кешкі 20-00-ге дейін жалғасты. Еліміздің батыс аймақтарында уақыт ерекшелігіне байланысты дауыс беру Астана уақытымен 21-00-ге дейін жалғасады.

  

Ботагөз Айтжанова

 





Яндекс.Метрика