Сайлау-2015

Бас прокуратура ҚР Президентінің сайлауында заңдылықты қамтамасыз етуді жалғастыруда

Бас прокуратура ҚР Президентінің сайлауында заңдылықты қамтамасыз етуді жалғастыруда, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.
Астана қаласы26 Сәуір , 20:23

«Осы уақытқа дейін сайлау заңнамаларының бұзылуына байланысты азаматтардан қандай да бір арыз немесе шағым келіп түскен жоқ. Сайлау заңдылығын қамтамасыз ету жұмыстары біздің тарапымыздан жалғаса береді, бүгінгі күннің соңына дейін келіп түскен ақпараттардың барлығы қосымша тексеру шараларын қажет етпеген жағдайда  сол сәтте шешіледі»,-деді Н.Сүйіндіков ОСК өткен брифингте. 

Оның сөзінше, дауыс беру тыныш, ешқандай заңбұзушылықтарсыз, бекітілген тәртіп бойынша өтіп жатыр.  

«Дауыс беру аяқталған учаскелердің барлығында бұл шара «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптары бойынша өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы заңдылықтың сақталуына қатысты қорытынды ақпараттар қосымша жарияланатын болады»,-деді ресми өкіл.   

Камила Амирова




Дерекнама

Яндекс.Метрика