Сайлау-2015

Қазақстандағы Президент сайлауы ауқымдылығымен ерекшеленеді - халықаралық байқаушы

Халықаралық байқаушылар дауыс беруге келген сайлаушылар санының көптігіне таң қалды, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығынан.
Астана қаласы26 Сәуір , 20:17

Сайлаудың осылай өту деңгейін олар басқа елдерде көрмеген, әсіресе олар қазақстандықтардың таң сәріден келгеніне таң қалуда. Бұл туралы ТМД миссиясынан келген халықаралық байқаушы Валерий Халев мәлімдеді. 

«Қазақстандық сайлау өзінің ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мен мұндайды көрген жоқпын. Сайлау учаскелеріндегі көптеген кезек халықтың ауызбірлігі мен олардың белсенді азаматтық ұстанымын білдіреді. Сайлау учаскелеріндегі жәрмеңкелер мен концерттердің арқасында мерекелік көңіл күй орнаған. Шығыс Қазақстан тұрғындары, жасынан кәрісіне дейін Елбасын таңдауға қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, біздің қандай да бір заңбұзушылықты байқамағанымызды атап өткім келеді», - деді В.Халев. 

ҚР ОСК ақпараттарынша, Шығыс Қазақстан облысында сайлау тізіміне енгізілген сайлаушылардың 93,55%-ы сайлау бюллетеньдерін толтырған.  

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына 19 елден келген халықаралық байқаушылар қатысып, шетелдік БАҚ-тың 98 өкілі тіркелген.

 




Яндекс.Метрика