Сайлау-2015

Қазақстанда бұрын соңды болмаған сайлаушылар саны байқалуда - 90%-ға жуық

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында сағат 18.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 89,69% сайлау бюллетеньдерін алды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сарсембаев.
Астана қаласы26 Сәуір , 19:27

«Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2015 жылғы 26 сәуірдегі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 89,69% сайлау бюллетеньдерін алды», - деп хабарлады М.Сарсембаев ОСК-дағы брифинге.

Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша – 94,81%, Ақтөбе облысы бойынша – 85,05%, Алматы облысы бойынша – 91,17%, Атырау облысы бойынша – 92,96%, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 93,55%, Жамбыл облысы бойынша – 92,97%, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 90,16%, Қарағанды облысы бойынша –  91,12%, Қызылорда облысы бойынша –  93,68%, Қостанай облысы бойынша – 91,27%, Маңғыстау облысы бойынша  – 88,45%, Павлодар облысы бойынша – 90,23%, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 93,86%, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 93,55%, Астана қаласы бойынша – 88,29%, Алматы қаласы бойынша – 73,17%.  

Айта кетерлік жайт, сайлаушылардың  89,69% -  бұл бұрын соңды болмаған жағдай.

Естеріңізге сала кетейік, республика бойынша 9741 сайлау учаскелерінде дауыс беру өтуде. ҚР Президентіне дауыс беру Астана уақыты бойынша  таңғы сағат жетіде басталады және кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Ал, еліміздің батыс аймақтарында уақыт алшақтығына байланысты дауыс беру уақыты Астана уақыты бойынша сағат 21.00-ге дейін жалғасады.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика