Сайлау-2015

РФ байқаушысы ҚР ОСК жоғары деңгейде ұйымдастырылған жұмысы үшін алғысын білдірді

Астана қаласы26 Сәуір , 19:21

Біздің барлығымыз Орталық сайлау комиссиясының  жұмысына қанағаттандық, бізде қазір олардың жұмысына қатысты ешқандай ескерту жоқ, деді Ресей Федерациясынан келген байқаушы, Ұлттық стратегия институтының халықаралық жобалар жөніндегі директоры Александр Школьник.

«Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясын учаскелік комиссиялар мен байқаушылардың жұмысын жақсы ұйымдастыруымен құттықтағым келеді. Біздің барлығымыз разымыз, қазіргі таңда бізде сайлауға қатысты ешқандай ескерту жоқ. Біз осыншама адамды қабылдаудың қаншалықты қиын екендігін білеміз, ал сайлауды ұйымдастырғаны үшін үлкен рахмет», деді А.Школьник.

Оның сөзінше, олардың делегациялары сайлау учаскелерінде болып онда көргендері көз қуантады. «Менің дауыс беруге келген сайлаушылар саны таң қалдырды, онда ұзын-сонар кезек, Кезінде Кеңес Одағында мавзолейге осындай кезек болатын. Сайлаушылар дауыс  беруге отбасыларымен бірге келіп жатты»,-деді ол.    

«Қарттар сайлаудың басты қоздырғыш күші, егер олар өздерінің қарттығына қарамастан белсенділік танытып, сайлауда дауыс беріп жатса, Қазақстандағы өмір әдемі де дұрыс ұйымдастырылған болып табылады. Қазақстандықтар Астаналарымен мақтанулары керек. Астана қазір өзінің ауқымды келбетімен қуантады»,-деді Ресей Федерациясынан келген байқаушы.  

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика