Сайлау-2015

Мәдениет қайраткерлері Қазақстанның «болашағы» үшін дауыс берді

Қазақстан Президентінің кезектес тыс сайлауына Астана қаласындағы сайлау учаскелеріне мәдениет қайраткерлері – «Құрмет» орденінің кавалері Байғали Момбеков пен президенттік мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев дауыс беруге отбасыларымен бірге келді.
Астана қаласы26 Сәуір , 19:04

«Мен өзімнің отбасыммен дауыс беруге келдім. Менің ойымша әр азамат келіп дауыс беруге міндетті. Біздің азаматтарымыз мемлекет тағдырына атсалысуы керек. Бірінші басшы – мемлекеттің келбеті. Және оған халқымыздың тағдыры тәуелді. Қазақстандықтар өз таңдауларын жасау керек. Біздің отбасымызда біз бір ауыздан бір шешімге келдік»,  -  деді мәдениет қайраткері, «Кұрмет» орденінің кавалері  Байғали Момбеков Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында.

Осы ретте, президенттік мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев та отбасымен өз дауыстарын берді.

«Мемлекет басшысының сайлауына қатысу – әр азаматтың парызы. Мен елімнің жауапты азаматымын және сайлау учаскесіне балаларымның болашағы үшін дауыс беруге келдім», - деп атап өтті А.Шауеев ҚР Президенті сайлауы барысында.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы бойынша 189 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ал, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика