Сайлау-2015

Еуропарламент депутаты: Қазақстанның 2050 жылы әлемнің 30 дамыған елінің қатарына енуіне мүмкіндігі мол

Қазақстанның 2050 жылы әлемнің 30 дамыған елінің қатарына енуіне мүмкіндігі мол, деп санайды Латвия парламентінің депутаты, Орталық Азия бойынша Еуропарламент Делегациясының басшысы Ивета Григуле.
Астана қаласы26 Сәуір , 18:49

«Елдің дамуы мен нығаюына жиырмадан астам жыл - бұл өте аз уақыт. Батыс Еуропа жүздеген жылдар бойы демократиясын дамытты. Және Қазақстанның 20 жыл ішінде жеткен жетістіктері тек таң қалдырады», - деді И.Григуле.

«Бәрі салыстыру арқылы танылады. Біз сіздердің 20 жыл бұрын неден бастағандарыңызды және қазір неге қол жеткізгендеріңізді білеміз. Мен Қазақстан Үкіметі бекіткен бағдарлама бойынша 2050 жылы сіздердің әлемнің 30 елі қатарына енетіндеріңізге сенімдімін», - деді Еуропарламент депутаты.

Оның айтуынша, оны жүзеге асыруға болады және Қазақстан оған қол жеткізеді. Себебі Қазақстанның қазіргі экономикасы мен қоғамдық даму қарқыны - таң қалдырарлықтай. 

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика