Сайлау-2015

Қазақстанның сыртта жүрген азаматтарының тең жартысынан астамы Президент сайлауында дауыс берді-СІМ

Қазақстанның шет мемлекетте жүрген азаматтарының тең жартысынан астамы Президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің әкімшілендіру және бақылау департаментінің директоры Қайрат Саржанов.
Астана қаласы26 Сәуір , 18:34

«Қазақстанның шет мемлекеттерде жүрген азаматтары Қазақстан Президентінің сайлауына белсенді қатысуда. Сайлау тыныш әрі мерекелік көңіл-күйде өтіп жатыр. Қазақстанның шет мемлекеттерде орналасқан 65 сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімінде  20 мың 822 азамат бар. Бүгін сағат 17-00-дегі жағдай бойынша, 10 мың 861 азамат дауыс берген. Бұл шет мемлекеттердегі  сайлаушылардың 52 пайызы»,-деді Қ.Саржанов ОСК-да өткен брифингте.

СІМ  өкілі атап өткендей, шетелдегі сайлау учаскелерінің ауқымы кеңейді. «Біздің азаматтарымыз алғаш рет Қазақстанның Бразилия, Финляндия, Тайланд, Хорватия сияқты мемлекеттердегі елшіліктерінде және Анталия, Брест, Казань, Таллин мен Үрімшідегі консулдық мекемелерінде дауыс  беруде»,-деді ол.  

Уақыт айырмашылығына байланысты бірінші болып, Токио мен Сеулдегі сайлау учаскелері ашылды. Олардың жұмысы Астана уақыты бойынша түнгі сағат 3-00-де басталды. Ал соңғылардың бірі болып қызметтеріне Астана уақыты бойынша Вашингтон мен Нюй-Иорктегі сайлау учаскелері кірісті.

«Токио мен Сеулдегі сайлау учаскелері Астана уақытымен 17-00-де жұмыстарын аяқтады, 18-00-де Бейжің, Шанхай, Гонгконг,Үрімші, Куала-Лумпур, Сингапур және Ұлан -батырдағы сайлау учаскелері жұмыстарын аяқтады. 56 учаскеде әлі жұмыстар жалғасуда. Соңғылардың бірі болып жұмыстарын 27-сәуір күні сағат 6-00-де АҚШ пен Канададағы сайлау учаскелері тоқтатады»,-деді Қ.Саржанов.

 




Яндекс.Метрика