Сайлау-2015

Астананың Ана мен бала орталығында жабық сайлау учаскесі жұмыс істеуде (ФОТО)

ҚР ОСК қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін жабық сайлау учаскелерін сайлады, олар ауруханалардың айналасында орналасқан, солардың бірі Ана мен бала орталығындағы - № 167 сайлау учаскесі, деп хабарлады аталмыш учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Қарлығаш Ағаділова.
Астана қаласы 26 Сәуір, 18:21

«Біздің учаскеде 350 адам бар, олар осында жататын емделушілер, қосымша көмек күштері. Олар еліміздің әр аймақтарынан келген және азаматтардың құқықтарының шектелуіне жол бермеу мақсатында бұл жерден де сайлау учаскесі ұйымдастырылды. Мұнда дауыс беру өте белсенді жүріп жатыр. Таңғы 7-00-ден дауыс беру басталды. Бірінші болып  дауыс берушілер мен алғаш рет дауыс беріп отырғандарға сыйлықтар таратылды»,-деді учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Қ.Ағаділова.  

Дауыс беруге келген азаматтардың арасында жас ана Айжан Ермекова бар, ол сайлауға келу әрбір азаматтың борышы деп есептейді.

«Мен өркендеп келе жатқан Қазақстан үшін, балаларымның болашағы үшін дауыс беремін. Мен біздің өркендеп, өніп келе жатқан мемлекетте өмір сүргенімізді, балаларымыздың бақытты болғанын қалаймын»,-деді А.Ермекова.

Ана мен бала орталығында емделушілермен қатар, Президент лауазымына ие болатын азаматқа өз дауыстарын орталықтың қызметкерлері де берді.   

«Мен өз өмірімде Президент сайлауына төртінші рет қатысып отырмын. Меніңше әрбір қазақстандықтың даусы еліміз үшін маңызды»,-деді дәрігер-хирург Арман Құлымбаев.  

Ботагөз Айтжанова

Фото Азамат Алиев





Яндекс.Метрика