Сайлау-2015

Бельгиялық байқаушы қазақстандықтарды демократия мен сайлау үдерісіне деген жоғары қарым-қатынастарымен құттықтады

Мен Қазақстан қоғамын декмократия мен сайлау үдерістеріне деген осындай қарым-қатынастарымен құттықтаймын, деді Бельгиядан келген халықаралық байқаушы, Еуропалық Парламент вице-президенті Рышард Чарнецкий Астанада өткен брифингте.
Астана қаласы 26 Сәуір, 18:06

«Мен Қазақстанға алтыншы рет келіп тұрмын, соңғы рет 22 жыл бұрын келгенмін, мен қазір үлкен ілгерілеуді, екі онжылдықта Қазақстанның айтарлықтай дамығандығын көріп тұрмын. Бүгін біз Астанадағы көптеген сайлау учаскелерінде болдық. Мен дауыс беруге келген сайлаушылардың көптігіне қызыға қарадым. Еуропадағы сайлау туралы айтатын болсақ, бізде дауыс берушілер қашанда өте аз, мен осында келгенде баспасөз басылымдарынан осы жолғы сайлауда дауыс берушілердің өте аз болатынын оқыдым. Ол мүлдем шындыққа жанаспайтын болып шықты. Біз әрбір сайлау учаскесінен топырлаған халықты, ұзын-сонар  кезекті көрдік»,-деді Р.Чарнецкий.

Бұл ретте бельгиялық байқаушы Қазақстан қоғамын демократия мен сайлау үдерістеріне осыншалықты жоғары көзқарас танытқандарымен құттықтады.  

Индира Кауметова

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика