Сайлау-2015

Юрий Пайдерс: Қазақстан көрші мемлекеттерге үлгі бола алады

Қазақстан көрші мемлекеттерге үлгі бола алады, деп хабарлады Латвиядан келген халықаралық байқаушы, саясаткер Юрий Пайдерс.
Астана қаласы26 Сәуір , 17:56

«Біз 4 сайлау учаскесінде болдық. Демократияның түрлі жолдары мен бағыттары бар және әр мемлекет өз жолын таңдайды. Егер біз Орталық Азия елдерін салыстыратын болсақ, онда Қазақстан өзінің көршілеріне үлгі бола алады. Қазақстандағы ішкі саясатты еуропалық елдермен салыстырудың қажеті жоқ, себебі олардың мәдениеті мен салт-дәстүрінде едәуір алшақтық бар. Қазақстан жақсы жетістіктерге жеткен», - деп атап өтті ол.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика