Сайлау-2015

Қазақстан Президентін сайлаушылар дауыс беруге белсенді қатысуда

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысушылар дауыс беруге белсене қатысуда, деп мәлімдеді халықаралық байқаушы, ТМД парламентаралық ассамблеясының байқаушылар тобын үйлестіруші, Белорусь республикасының ұлттық жиналыс палатасы төрағасының орынбасары Виктор Гуминский №89 сайлау учаскесін аралау барысында.
Астана қаласы 26 Сәуір, 17:41

«Біз адамдардың дауыс беруге белсенді қатысып жатқанын байқап отырмыз, әрқайсысы даусын Қазақстанның болашағы үшін беруге тырысуда. Бізді азаматтардың әрқайсысының елі үшін алаңдайтыны қуантады», -  деп атап өтті В.Гуминский.

Оның айтуынша, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына байқаушы болып келместен бұрын, ол сайлау туралы қазақстандық заңнамамен танысқан. 

«Біз бірнеше күн бойы жұмыс жасадық, Президенттің кезектен тыс сайлауына дайындық барысын қадағалап отырдық. Біздің ойымызша бүгін дауыс беру рәсімі ұлттық заңнамаға сәйкес өтіп жатыр, оған қоса ол сайлау өткізудің халықаралық ережесінің ұстанымдарына да сәйкес өтуде. Ұзақмерзімді байқаушылар болып жұмыс жасайтын сарапшылар тобы да мұны өз қорытындыларында атап өтті», - деп толықтырды ол. 

В.Гуминский атап өткендей, сайлау учаскесінде ешқандай бұзушылықтар байқалмаған, барлығы нормаға сәйкес өтуде.

Атап өтейік, байқаушылардың миссиясы Астанада ғана болу емес, олар Қарағанды облысында, Ақмола облысында, Жамбыл облысында, сондай-ақ Қазақстаннан тыс алты қалада: Санкт-Петерборда, Мәскеуде, Бакуде, Ереванда, Бішкекте болу.

Ботагөз Айтжанова





Дерекнама

Яндекс.Метрика