Сайлау-2015

Қазақстан Президентінің сайлауына келушілер сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 80%-дан асты – ОСК

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына сайлаушылардың келуі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 80%-дан асты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова.
Астана қаласы26 Сәуір , 17:22

«Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2015 жылғы 26 сәуірдегі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың    82,11 % сайлау бюллетеньдерін алды», - деп хабарлады Т.Охлопкова ОСК-дағы брифинге.

Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша – 85,72 %, Ақтөбе облысы бойынша – 78,58 %, Алматы облысы бойынша – 84,95 %, Атырау облысы бойынша – 87,25 %, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 89,45 %, Жамбыл облысы бойынша – 86,04 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 79,01 %, Қарағанды облысы бойынша –  84,73 %, Қызылорда облысы бойынша –  87,45 %, Қостанай облысы бойынша – 86,75 %, Маңғыстау облысы бойынша  – 76,15 %, Павлодар облысы бойынша – 82,75 %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 86,93 %, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 87,30 %, Астана қаласы бойынша – 70,61 %, Алматы қаласы бойынша – 62,54 %.  

Естеріңізге сала кетейік, республика бойынша 9741 сайлау учаскілерінде дауыс беру өтуде. ҚР Президентіне дауыс беру Астана уақыты бойынша  таңғы сағат жетіде басталады және кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Ал, еліміздің батыс аймақтарында уақыт алшақтығына байланысты дауыс беру уақыты Астана уақыты бойынша сағат 21.00-ге дейін жалғасады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика