Сайлау-2015

Дмитрий Мезенцев: Сайлауға өздерінің елдің болашағына қатысы барлығын сезінген азаматтар келді

Сайлауға өздерінің елін түсінетін сол үшін жауап беретін, мемлекеттің болашағына өзінің қатысы барлығын сезінетін азаматтар келді, деді халықаралық байқаушы, ШЫҰ Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев Астанада өткен брифингте.
Астана қаласы26 Сәуір , 17:28

«Біз өзіміз үшін негізгі 5 бағытты айқындап, солардың барлығына барып шығу қажет болатын, сондай-ақ Астана қаласындағы сайлау учаскелерінде болу да міндетті еді. Біздің әріптестеріміз бұған қоса Алматы, Көкшетау, Қарағанды қалаларына барды, тағы бірі  Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында болды. Біз бір-бірімізбен келістік және бәріміз сайлау ұйымдасқан түрде  тыныш өтіп жатыр деген пікірдеміз»,-деді Д.Мезенцев.

Ол сөзінде өздерінің көптеген сайлау учаскелерінде ұзын-сонар кезекті байқағандарын айтты, көптеген азаматтар өздерінің азаматтық борыштарын өтегілері келді.   

«Сайлау учаскесінде болған біз өздерінің азаматтық міндеттерін өтеуге келген азаматтар тобын көрдік, олар өте көп болатын, біздің заманымыздың азаматтарды кезек болған дұрыс емес деп есептейді, ал мынадай кезекті көргенде, ондаған адамдардың өздерінің кандидаттарына дауыс бергілері келгендігін көргенде расында разы боласың. Бұл өте жақсы»,-деді байқаушы.

«Біз тек  ұлттық сайлау заңнамасының ғана орындалып қомай, учаскелік сайлау комиссиясының құрамында өз ісін жетік меңгерген, кәсіби мамандардың бар екендігіне көз жеткіздік.  Бұл ретте   ерекше назар жасы егде тартқан азаматтарға аударылды, яғни сайлау учаскесіне өз аяғымен келе алмайтын ҰОС ардагерлеріне көп көңіл бөлінді»,-деді байқаушы.   

Халықаралық байқаушы сонымен қатар сайлаудың музыкамен сүйемелденіп, медициналық қызмет көрсетілгендігіне қызыққанын айтты.   

«Сайлауға өз елін түсініп, сол үшін жауап беретін азаматтар келді, олар өдерінің мемлекет болашағына деген қатынасын жақсы түсінеді. Бұл өте маңызды. Бұл «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты мен өзге де көптеген әлеуметтік бағдарламалардың негізі. Қазақстанның әлемдік аренадағы сәтті және қарышты қадамдары», деді ол.  

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика