Сайлау-2015

Четин Казак: Қазақстандық жастар сайлау процесіне және жалпы саясатқа қызығушылық танытуда

Қазақстандық жастар сайлау процесіне және жалпы саясатқа қызығушылық танытуда, деді Болгриядан келген байқаушы, аталмыш мемлекеттің халықтық жиынының (Парламенттің) депутаты Четин Казак.
Астана қаласы26 Сәуір , 17:21

«Бүгін біз бірнеше сайлау учаскелерін араладық және сайлау барысын байқадық», - деп атап өтті байқаушы.

Оның айтуынша, сайлау барысы бір қалыпты өтуде. Жергілікті халықтың үлкен белсенділігі байқалуда.

«Барлығы ұйымдасқан тұрғыда өтуде, ешқандай проблема кездестірмедік. Жастар өте көп. Мысалы, Болгарияда жастар соншалықты саяси белсенді емес, ал мұнда қазақстандық жастардың сайлау процесіне және жалпы саясатқа қызығатыны байқалып тұр. Бұл қуанышты жағдай. Қазақстандықтар дұрыс таңдау жасайды деген сенімдемін», - деп мәлімдеді Ч.Казак.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика