Сайлау-2015

РФ-дан келген байқаушылар: Қазақстандағы сайлау ашық және ешқандай заңбұзушылықсыз өтіп жатыр

Қазақстандағы сайлау ашық және ешқандай заңбұзушылықтарсыз, халықаралық стандарттарға сәйкес өтіп жатыр, деп мәлімдеді Ресей Федерациясынан келген халықаралық байқаушылар - Ресей теннисі Федерациясының президенті, халықаралық олимпиада комитетінің мүшесі Шамиль Тарпищев пен «Муз-ТВ» телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров халықаралық байқаушыларға арналған Ақпарат орталығындағы баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы26 Сәуір , 17:09

«Мен 9 сайлау учаскесін аралап шықтым. Учаскелердегі адамдардың көптігі қуантады. Олардың тілектестігі. Ал күндіз адамдар тіпті көбейді. Бұл Қазақстан халқының сайлауға немқұрайлы қарамайтынын білдіреді. Астанада бұл ерекше білініп тұр», - деді Тарпищев.

Өз кезегінде Арман Дәулетияров дауыс беру рәсімінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. «Сайлау өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған және халықаралық стандарттарға сәйкес. Желге қарамастан таң атқалы бері сайлау учаскелерінде адамдар кезекте тұр, дегенмен дауыс берудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанының арқасында сайлаушылар арасында ешқандай проблеме туындап жатқан жоқ», - деді Дәулетияров.




Яндекс.Метрика