Сайлау-2015

Президент сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр – саясаттанушы

Биылғы жылғы сайлау мемлекет тұрғысынан да азаматтар тұрғысынан да жоғары деңгейде өтуде.Бұл туралы саясаттанушы, философия ғылымдарының докторы Рүстем Қадыржанов айтты.
Астана қаласы26 Сәуір , 16:57

Ол осы жолғы сайлаудың ерекше өтіп жатқандығын атап өтті. «Мен сайлау барысын сонау Қазақстанның тәуелсіздігін алған жылдардан бері қадағалап келемін. Сайлау мемлекет пен қоғамның өзара ықпалдастығы. Бұл жерде біз мемлекет тарапынан өте тыңғылықты шаралар қабылданғанын көріп отырмыз. Ұйымдастыру өте жоғары деңгейде. Биыл сайлау учаскелерінің саны да көп, Орталық сайлау комиссиясы мен әкімдік өкілдерінің жан-жақты ойластырылған жұмыстары көрініп тұр. Қоғам тарапынан да белсенділік бар, біз сайлаушылардың дауыс беруге өте көп жиналғандығын көріп отырмыз, олар өткен сайлаудағыдан да көп»,-деді Рүстем Қадыржанов.     

Сарапшының сөзінше, сайлау тек дауыс беру күні ғана емес, оған үгіт-насихат науқаны да жатады.

Осы тұрғыдан алғанда, бұл науқан да ерекше  үлгі етуге тұрарлық. Үгіт-насихат құралдары биылғы жылы өте мықты болды.  Дауыс берушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл қоғамның саяси мәдениетінің артқандығын көрсетеді, ел билікке сенеді. Ал сайлауға қатысу азаматтардың мемлекетке деген сенімінің көрсеткіші. 

«Мен таң ата Қазгидрометтен дауыс бердім. Таңғы сағат 10-00-дер шамасында дауыс беруге барғанмын. Сайлауда ұзын-сонар кезек болғанын бірінші рет көрдім. Меніңше, бұл жолғы дауыс беруге келген азаматтар саны сайлаушылардың 90 пайызынан кем болмайды. Маған тіпті біршама уақыт күтіп тұру қажет болды. Бүгін мен мерекелік көңіл-күйдемін. Елдің де  көңілі оңды»,-деді  саясаттанушы.    


 




Дерекнама

Яндекс.Метрика