Сайлау-2015

Болгарияның экс-елшісі Қазақстандағы оң өзгерістерді атап өтті

Мен Қазақстанда 2004 жылы болдым, қайта келіп мемлекеттегі оң өзгерістерді байқадым, деді Болгариядан келген байқаушы Димитр Деков – ҚР-дағы Болгария Республикасын елшісі (1999 – 2004ж).
Астана қаласы26 Сәуір , 16:53

«2004 жылдан бері Қазақстанға қайта келуге еш сәті түспеді, алайда бірер күн бұрын қайта келіп Астананың дамуына таңқалдым. Мен мұндай өсім тек елордасында ғана емес, сонымен қатар мемлекет бойынша жүріп жатқанына сенімдімін. 10 жыл ішінде мемлекет пен оның астанасы едәуір дамыған», - деді  экс-елші

Сонымен қатар, Димитр Деков атап өткендей, сайлау Қазақстан халқының бірыңғай талап тілегіне айналды. «Біз мұнда тек қазақтар ғана емес, сонымен қатар өзгеде этнос өкілдері өмір сүріп жатқанын білеміз. Сайлаудың мақсаты бейбіт өмір сүру және жарқын болашаққа ұмтылу. Қазақстан халқына діттеген мақсаттарына жетіңіздер деген тілек білдіргім келеді», - деп түйді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика