Сайлау-2015

Біздің байқауымызша Қазақстандағы сайлау тәртіпке сәйкес өтіп жатыр - Ұлыбританиядан келген байқаушы

Біздің байқауымызша Қазақстандағы сайлау тәртіпке сәйкес өтіп жатыр, деді Ұлыбританиядан келген байқаушы, қазақстандық-британиялық қоғамның Төрағасы, «Firstmagazine» негізін қалаушы және редакторы Руперт Гудман.
Астана қаласы 26 Сәуір, 16:47

«Мен Қазақстанға келіп, сайлау барысын қарай алатыным үшін мақтанамын. Мен Қазақстанда түрлі себептермен болдым, және мен тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның даму процесін байқадым. Біз 5 сайлау учаскесін араладық, оларды біз кездейсоқ таңдадық, олар Астанадағы сайлаудың қалай өтіп жатқанын шынайы көрсетті», - деп мәлімдеді байқаушы.

«Менің алған әсеріме келер болсақ, онда бұл өте жұмысбасты күн болды, тәртіпке сәйкес ұйымдастырылды, және мен қазақстандықтардың демократиялық сайлау құқықтарын толығымен қолданғанын байқап отырмын. Біз өз пікірлерін білдіргісі келген адамдардан сұхбат алдық, сонда біз олардың кәсіби әрекеттерінің куәсі болдық», - деді Руперт Гудман.

Оның айтуынша, ол сайлау процесінде сұрақ туындататындай жайттарды байқамаған. «Біздің байқауымызша барлығы тәртіпке сәйкес өтті», - деп түйіндеді ол.





Дерекнама

Яндекс.Метрика