Сайлау-2015

Латвиядан келген байқаушы: Қазақстанның сайлаушылары мемлекеттің тұрақтылығы мен даму жолын таңдауда

Қазақстанның сайлаушылары мемлекеттің тұрақтылығы мен даму жолын таңдауда, деді Латвиядан келген байқаушы саясаткер, «Медиа Про1» баспасының директоры Александр Видякин.
Астана қаласы26 Сәуір , 16:14

«Аталмыш сайлауға дайындық жұмыстары өте жоғары дейгейде өтті, телеарналарда, интернет сайттарда әр кандидаттың  пікірі берілді. Мен олардың әрқайсына сөз сөйлеуге мүмкіндік берілгеніне таңқалдым», -  деп мәлімдеді А. Видякин.

Оның айтуынша, сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған. «Біз барлығының дайын екенін және жоспарланып қойғанын байқадық. Жоғары дәрежеде сайлау өткізуді адамдар үйренген екен. Тіпті, сайлаушыларменде пікір алмасып көрдік, олар үшін аталмыш сайлау өте маңызды, олар шынымен жүрек қалауымен тұрақтылық пен Қазақстан экономикасының өсуіне дауыс беруде», - деп түсіндірді Латвиядан келген байқаушы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика