Сайлау-2015

Джозеф Мифсуд: Қазақстандықтардың барлығы бір отбасындай сайлауға барып жатыр

Көптеген сайлау учаскелерінде мен үшін бүтін бір отбасының жиналуын білдіретін көріністі көрдім. Қазақстандықтардың барлығы шынымен де бір отбасындай жиналып сайлауға барып жатыр, деді Ұлыбританиядан келген халықаралық байқаушы, Лондондағы дипломатия академиясының ректоры Джозеф Мифсуд.
Астана қаласы 26 Сәуір, 16:08

«Мен ең алдымен, Қазақстанда болу мен үшін үлкен абырой екенін атап өткім келеді. Мен бірқатар сайлау учаскелерін араладым, мүмкін, кейінірек өзім аралаған учаскелер туралы толық мағлұмат берермін. Аралайтын учаскелерімізді мен және менің әріптесім екеуміз ертеңгісін таңдап алдық. Біз кейбір учаскелерді өзгерттік. Бізде қандай да бір нақты критерий болған жоқ. Біз өзіміз аралап келген бес учаскені таңдап алдық»,- деп мәлімдеді ол.

Джозеф Мифсуд атап өткенде, халықаралық байқаушылар сайлаушылармен сөйлесіп, дауыс беру барысын мұқият қарап отыр. «Біз дауыс берушілермен сөйлестік, сайлау учаскелері мен сайлау кабинеттерінде болып жатқан жайттарды мұқият қарап отырмыз. Мен ЕО-дағы сайлау процесін қарағандай, басқа да бірқатар елдердегі сайлау процесін қарадым, және қазір орын алып отырған процесс барлық нормаларға сәйкес келеді және бұл адамдар үшін үлкен мереке, оған қоса көптеген сайлау учаскелерінде мен адамдардың бір отбысындай болып жиналып келіп жатқанын байқадым, және бұл барлық азаматтық стандарттарға сәйкес келеді, бұл менің сайлау процесі туралы пікірім», - деді Ұлыбританиядан келген байқаушы 

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика