Сайлау-2015

Қазақстан аймақтарында сайлаушылардың 70 пайызы тәуліктің бірінші жартысында дауыс беріп үлгерді – ҚР ОСК

Қазақстан аймақтарында сайлаушылардың 70 пайызы тәуліктің бірінші жартысында дауыс беріп үлгерді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев.
Астана қаласы26 Сәуір , 15:23

«Облыстық және Астана мен Алматы қалаларындағы сайлау учаскелерінің мәліметтері бойынша, 2015 жылдың 26-сәуіріндегі сағат 14-00-де сайлау бюллетеньдерін сайлаушылардың 68,48 пайызы алды»,-деді М.Сәрсембаев ОСК-да өткен брифингте.

Сайлау бюллетеньдерін Ақмола облысына сайлаушылардың 76,98 пайызы, Ақтөбе облысынан, 65,51 пайызы, Алматы облысынан 80-31 пайызы, Атырау облысынан 73,41 пайызы, Шығыс Қазақстан облысынан 75,52 пайызы,  Жамбыл облысынан 72,49 пайызы, Батыс Қазақстан облысынан 67,13 пайызы, Қарағанды облысынан 69,21 пайызы, Қызыорда облысынан 73,12 пайызы,  Қостанай облысынан 77,22 пайызы, Маңғыстау облысынан 57,19 пайызы, Павлодар облысынан 71,01 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысынан 70,05 пайызы, Оңтүстік Қазақстан облысынан 77,28 пайызы, Астанадан 45,75 пайызы, Алматыдан 39,34 пайыз алған.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде дауыс беру 9 мың 741 сайлау учаскесінде өтуде. ҚР Президентінің сайлауында дауыс беру Астана уақыты бойынша таңғы 7-00-де басталды және ол кешкі 20-00-ге дейін жалғасады. Еліміздің батыс өңірлерінде уақыт ерекшелігіне байланысты сайлау Астана уақыты бойынша 21-00-ге дейін жалғасады.

Камила Амирова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика