Сайлау-2015

Степан Месич: Сайлау демократияның ең жоғарғы стандарттары негізінде ұйымдастырылған (ФОТО)

Мен бұл сайлаудың демократияның ең жоғарғы стандарттары негізінде ұйымдастырылғандығына сенімдімін, деді хорватиялық халықаралық байқаушы Хорватияның экс-Президенті, танымал саяси қайраткер Степан Месич Астанада өткен брифингте.
Астана қаласы 26 Сәуір, 15:39

«Мен бүгін Президент сайлауына қатысу мәртебесіне ие болып отырмын, мен кезінде өзім де осындай кандидат болғанмын, сондықтан менің бұл мәселеде біршама тәжірибем бар. Біз бірқатар сайлау учаскелерін аралап, сайлаудың өте жақсы ұйымдастырылғандығына көз жеткіздік. Біз сайлаудың  құпиялығын бақыладық»,-деді Степан Месич.

Оның сөзінше, осы сайлауға деген қызығушылықтың бар екендігі байқалады. Сайлау демократияның ең жоғарғы стандарттары негізінде ұйымдастырылған.  

Индира Кауметова

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика