Сайлау-2015

Президенттік сайлау сайлаушылар санының рекордтық көрсеткішіне байланысты Қазақстан тарихына енеді – саясаткер

2015 жылғы президенттік сайлау Қазақстан тарихына сайлаушылар санының рекордттық көрсеткішіне байланысты енеді. Бұл туралы саясаткер Жарқын Түсіпбекұлы хабарлады.
Астана қаласы26 Сәуір , 15:35

«Орталық сайлау комиссиясы мен жергілікті әкімдіктердің сайлаушыларды дауыс беруге шақыру бойынша үлкен жұмыс атқарғаны көрініп тұр. Айта кетерлік жайт, бүгін келу деңгейі өте жоғары. Менің ойымша бұл сайлау компаниясы ұйымдастыру және келушілер санына қарай тарихқа енеді», - деді саясаткер.

Сонымен қатар, оның айтуынша мұндай сайлаушылар санының көптігі азаматтардың  саяси мәдениет өскенін көрсетеді. 




Яндекс.Метрика