Сайлау-2015

ҚР Бас прокуратурасы дауыс беру барысында өтініштер мен арыз-шағымдардың түспегенін мәлімдеді

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков ОСК-дегі брифинг барысында дауыс беру барысында өтініштер мен арыз-шағымдардың түспегенін мәлімдеді.
Астана қаласы26 Сәуір , 14:37

«Қазіргі жағдай бойынша дауыс беру жағдайының бұзылғандығы туралы қандай да бір арыз-шағымдар, сондай-ақ азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі келтірген жайттар туралы ақпар прокуратура органдарына келіп түскен жоқ.  Жалпы сайлау заңнамасының қандай да бір заңбұзушылықтары туралы арыз-шағымдардың болмауы, біздің ойымызша, ағымдағы сайлау процесінің барынша ашық және заңға сәйкес өтіп жатқанын білдіреді», - деді Н.Сүйіндіков.

Конституцияға және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Бас прокуратура кезектен тыс Президент сайлауын өткізу және ұйымдастыру барысында сайлау процесінің заңдылығын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдауда.  

Бас прокуратураның ресми өкілі тек сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу талаптарының және қоғамдық пікір нәтижесін жариялау кезінде жекелеген заңбұзушылықтар болғанын және олар бойынша ескерту сипатындағы шара қолданылғанын атап өтті. 

«Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 30-наурызында Алматы қалалық прокуратурасы оңтүстік астанамыздың екі тұрғынының заңды бұзбауына қатысты сақтық шараларын қолданған. Олар өздерінің «Фейсбуктегі» бетінде ҚР Президентіне үміткерлердің ары мен намысына тиетін сөздер айтқан. Бүгінгі таңда прокуратура органына сайлау процесімен байланысты үш өтініш түскен. Бұл ретте біз орталық деңгейде секілді, жергілікті жерлерде де сайлау комиссиялары мен мүдделі мемлекеттік органдармен тұрақты байланыс орнаттық», - деп толықтырды ол.

Н.Сүйіндіковтың айтуынша, барлық электоралды науқан сияөты, сайлау күні тыныш, қандай да бір белгіленген ереженің бұзылуынсыз өтіп жатыр. 

Камила Амирова




Яндекс.Метрика