Сайлау-2015

Д.Бородич: Көптеген байқаушылар дауыс берушілердің көптігіне қатты қызықты

Байқаушылардың көпшілігі сайлауда дауыс берген халықтың көптігіне таң қалды, деді Эстония Парламентінің депутаты Денис Бородович Астанада журналистерге берген сұхбатында.
Астана қаласы26 Сәуір , 15:13

«Тек мен ғана емес, өзге байқаушылар да сайлауға келушілердің көптігіне таң қалды. Біз таң атпастан сайлау учаскелерінде ұзын-сонар кезек болады деп ойлаған жоқпыз. Халық дауыс беру үшін кезектерін сағаттап күтіп тұрды. Осы ретте сіздерге болашақ туралы да біраз ойланып, сайлаушылардың өздерінің азаматтық көзқарастарын білдіруге ыңғайлы болуы үшін сайлау комиссияларының қызметкерлерінің санын көбейту қажет шығар. Өйткені тұрғындар дауыс беру үшін кезектерін расында да сағаттап күтіп тұрды»,-деді Д.Бородович.

Бірақ, қазір сайлауға қатысты қандай да бір пікір білдіруге ерте, деп қосты халықаралық байқаушы. «Өйткені дауыс беру басталғалы көп уақыт өте қойған жоқ. Мен әдетте сайлау кезінде сайлау учаскесінен бөлектеніп барып, кезекте тұрған азаматтардің пікірлерін білгенді ұнатамын. Өйткені бұл өте маңызды. Статистика деген бір бөлек, біреудің жазғанына қарап жағдайды бағалағанша, оны бір рет өз құлағыңмен естіген дұрыс»,-деді эстониялық байқаушы.    

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика