Сайлау-2015

Шетелде оқып жатқан 400-ден аса әскери қызметші ҚР Президентінің сайлауына қатысты (ФОТО)

Шет мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында дауыс беруге қатысты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 26 Сәуір, 17:36

Бұл үшін он елдің ірі қалаларында бірыңғай сайлау учаскелері ұйымдастырылған болатын. Мысалы, Тверь, Рязань, Смоленск, Ярославль, Краснодар, Воронеж, Кострома қалаларындағы әскери жоғары оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары үшін бірыңғай сайлау пункті Мәскеуде ашылды. Мұнда таң атысымен 159 әскери қызметші дауыс беріп үлгірді.

«Қазақстан Президентінің сайлауына қатысу – біздің конституциялық құқығымыз және азаматтық борышымыз. Бұл шара - ел тағдыры. Мемлекет басшысын таңдау арқылы біз өз болашағымызға, тұтастай еліміз қадам басар жолға таңдау жасаймыз. Мен әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды деп санаймын. Біздің әрқайсысымыз сайлауға осы жауапкершілікті түсіне отырып келдік. Туған елімізден жырақта  жүрсек те, оның тағдыры бізді бей-жай қалдырмауы тиіс деп ойлаймын», - дейді Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Әскери университеті 5-курсының курсанты Данияр Жанжүменов.

Осылайша дауыс беру біздің әскери қызметшілеріміз жүрген басқа елдерде де өтуде. Олардың әрбірі сайлау учаскесіне жете алуы үшін күні бұрын бару және қайту бағыттарына әуе және темір жол көліктеріне билеттер алынған болатын. ҚР Президентінің сайлауына Ресейде (248 адам), Беларусте (35 адам), Украинада (19 адам), Түркияда (73 адам), Оңтүстік Кореяда (4 адам), АҚШ-та (8 адам), Қытайда (30 адам), Ұлыбританияда (1 адам), Германияда (1 адам) және Үндістанда (12 адам) әскери жоғары оқу орындарында оқуда жүрген барлығы 437 қазақстандық курсант пен офицер қатысып үлгерді. 
 





Дерекнама

Яндекс.Метрика