Сайлау-2015

АҚШ саясаткері: Сайлау байқаушылары сайлау учаскелеріне емін-еркін кіре алады

Сайлау байқаушылары сайлау учаскелеріне емін-еркін кіре алады, деді Америка Құрама штаттарынан келген халықаралық байқаушы саясаткер Джейкоб Зенн.
Астана қаласы26 Сәуір , 15:04

«Мен бірнеше сайлау учаскелеріне бардым, ол жақта сайлау процесінің өте жақсы өтіп жатқанын көрдім, мен ол жақта бәрі ашық өтіп жатыр деп айтар едім, толықтай емін-еркін кіріп шықтым», - деді АҚШ-тан келген байқаушы. 

Саясаткер атап өткендей, бүгін Қазақстанда демократия мен экономиканың даму деңгейін байқауға болады. «Мен Қазақстандағы сайлауды байқауға келдім, байқағаным, адамдар көптеп келіп жатыр, барлығының көңіл-күйі жоғары, бұл Қазақстан үшін өте жақсы күн, бүгін демократия мен экономиканың даму деңгейін байқауға болады», - деп толықтырды Джейкоб Зенн.

Еске салсақ, бүгін елімізде Қазақстан республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. 2014 жылдың 14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында барлық делегаттар кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастаманы бірауыздан қолдады. 

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика