Сайлау-2015

Қазақстанда сайлау Америкаға қарағанда ашық өтуде – халықаралық байқаушы

Мен Қазақстандағы сайлау Америка құрама штаттарынан ашық өтуде деп айта аламын, деді Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс сайлауды халықаралық байқаушы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының бұрынғы басшысы, Азия институты мен Жерорта теңізі елдерінің Парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі Президенті Рикардо Мильори Қазақстандағы Президент сайлауына байланысты Астанада өткен брифингте.
Астана қаласы26 Сәуір , 14:03

"Мен 30-дан астам мемлекеттердегі сайлауларға мониторинг жүргіздім. Мен қазір Қазақстандағы сайлау АҚШ-тағы сайлаудан ашық өтті деп айта аламын. Мен бүгін не көретінімді айтал алмаймын әрине, алайда мен осыдан үш жыл бұрын Вашингтонда  не көргенімді айта аламын. АҚШ-та сайлауға жұмсалатын  шығында шек жоқ. АҚШ-та Президентікке 4 кандидат болатын. Алайда АҚШ халқы олардың тек екеуін ғана білетін. Өйткені Обама мен тағы бір кандидат жақсы насихатталған»,-деді Р.Мильори.  

Бұған қоса халықаралық байқаушы кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары сайлау кезінде де жүргендігін айтты. «Мен бұл туралы сіздерге қазір айтып отырмын, бізде мониторинг жүргізуде үлкен тәжірибе бар және мен бүгінгі таңда сіздерге елдеріңіздегі сайлаудың ұйымдастырылу барысына разы екенімізді айта аламын. Меніңше, сіздердің сайлауларыңыз демократиясы дамыған деген АҚШ-та өткен сайлаудан әлдеқайда ашық өтуде»,-деді халықаралық байқаушы.  

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика