Сайлау-2015

Риккардо Мильори: Мен тек Қазақстандағы сайлауда ғана халықтың осыншалықты бақытты болғанын көріп тұрмын

Мен қалың көпшіліктің сайлау кезінде осыншама бақытты көңіл-күйде жүргенін Қазақстаннан ғана көріп тұрмын, деді Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс сайлауды халықаралық байқаушы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының бұрынғы басшысы Рикардо Мильори Қазақстандағы Президент сайлауына байланыста Астанада өткен брифингте.
Астана қаласы 26 Сәуір, 14:31

«Мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының  Парламентаралық  Ассамблеясының төрағасы болдым. ЕҚЫҰ мемлекеттерде жүргізілген сайлаулардың барысына мониторинг жүргізетін маңызды орган екенін білесіздер және бұл тек Еуропа елдеріне қатысты емес. Біз сонымен қатар, Тунистегі Конституциялық сайлауды да өткіздік. Сайлау үдерісіне қатысты біздің тәжірибеміз жеткілікті»,-деді байқаушы.

Р.Мильоридің сөзінше, олар бірқатар сайлау учаскелерінде болып үлгерген, онда байқаушылар Қазақстанның болашағын айқындауға деген ынтасы мен халықтың жақсы көңіл-күйін байқаған. «Біз Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берген сайлау учаскесінде болдық және біз ол жерден көпшіліктің жақсы көңіл-күйін байқадық. Ертең біз сайлаудың нақты бағасын береміз, ал бүгін сайлау науқанын қадағалап, осы елдегі ең маңызды таңдаудың куәсі болдық»,-деді Риккардо Мильори.  

«Әрине, Қазақстанның заңнамасы тура, ал біздің басты рөліміз ол байқаушының рөлі және біз үлкен стадиондағы халықаралық ұйымнан келіп отырған көрермен сияқтымыз.  Мен осыған дейінгі сайлауларды көрдім, бірақ онда дәл Қазақстандағыдай халықтың разы, бақытқа толы көңіл-күйін байқаған емеспін, бұл сіздердің елдеріңіз үшін өте маңызды»,-деді халықаралық байқаушы брифинг барысында.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика