Сайлау-2015

Серджио Дивина: Қазақстандағы сайлау ұлттық мереке ретінде өтіп жатыр

Қазақстандағы сайлау ұлттық мереке ретінде өтіп жатыр, бұл өз кезегінде қазақстандық халықтың патриоттық сезімі мен мемлекеттік санасынан сыр шертеді, деп хабарлады Италия Парламенті Сенатының депутаты, «Солтүсік Лигасы» партиясы фракциясының вице-президенті, Италия Парламентіндегі Қорғаныс бойынша 4 тұрақты комиссияның вице-президенті, ЕҚЫҰ ПА жанындағы итальялық делегацияның мүшесі Серджио Дивина.
Астана қаласы 26 Сәуір, 13:27

«Мен мониторинг пен сайлау барысын шын көңілімен бақылаудамын. Біздің міндетіміз сайлаудың қаншалықты дұрыс өтіп жатқанын қадағалау. Негізі сайлау барысы туралы толық есепті ертең, сайлау аяқталған соң бере аламыз», - деді С.Дивина Астанадағы брифинг барысында.

Сонымен қатар, халықаралық байқаушы Қазақстандағы электоралды компаниядан алған әсерімен бөлісті. «Бұл ерекше сайлау. Себебі ол сіздерде ұлттық мейрам ретінде өтіп жатыр, бұл өз кезегінде қазақстандық халықтың патриоттық сезімі мен мемлекеттік санасынан сыр шертеді. Жалпы, барлығы дұрыс өтуде», - деп жалғастырды С.Дивина.

Бұдан басқа, байқаушы атап өткендей, Қазақстанда сайлауға халық көптеп ағылуда, тіпті сайлау учаскелерінде кезектер қалыптасуда. Бұл байқаушылардың пайымынша жақсы көрсеткіш.

«Егер біл Италиямен салыстыратын болсақ бізде сайлауға 500-600 адам келеді. Және ол қалыпты жағдай. Ал, Қазақстанда ұзын сонар кезектер байқалуда. Бұл біздің сайлау туралы алғашқы алған әсеріміз, ал сайлау туралы шешуші пікірімізді ертең айтатын боламыз», - деп түйді халықаралық байқаушы.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика