Сайлау-2015

Сағат 12-дегі жағдай бойынша Қазақстан Президентінің сайлауында сайлаушылардың 41,69% -ы дауыс берген - Охлопкова

Сағат 12-дегі жағдай бойынша Қазақстан Президентінің сайлауында сайлаушылардың 41,69% -ы дауыс берген, деп хабарлады ОСК брифингінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының өкілі Татьяна Охлопкова.
Астана қаласы26 Сәуір , 13:23

«Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ақпарына сәйкес сағат 12-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 41,69% -ы дауыс беріп үлгерген», - деді Т.Охлопкова Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына сайлаушылардың қатысымы туралы. 

Сонымен Ақмола облысы бойынша сайлаушылардың - 51, 01%- ы дауыс беруге келген, Ақтөбе облысы бойынша - 36,11%, Алматы облысы бойынша -60,68%, Атырау облысы бойынша - 47,54%, Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 48,24%, Жамбыл облысы бойынша- 49,91%, Батыс Қазақстан өңірі бойынша - 40,66%, Қарағанды облысы бойынша - 43,35%, Қызылорда облысы бойынша -45,56%, Қостанай облысы бойынша-56,57%, Маңғыстау облысы бойынша - 34,12%, Павлодар облысы бойынша - 42,63%, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша-50,11%, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша- 32,62%, Астана қаласы бойынша - 25,46%, Алматы қаласы бойынша - 17,25%.

ҚР ОСК мүшесі дауыс берудің республика бойынша 9 741 сайлау учаскесінде өтіп жатқанын еске салды. Астана уақытымен таңғы сағат жетіде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды. Сайлау кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады. Еліміздің Батыс өңірлерінде уақыттағы айырмашылықтарға байланысты сайлау Астана уақытымен 21.0-де аяқталады. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының өкілдіктері мен шетел мемлекеттерінде  65 сайлау учаскесі ашылған. Бұл ретте Вашингтонда, Нью-Йорк пен Оттавада сайлау ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Астана уақытымен сағат таңғы 6-да аяқталады.  

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына 856 халықаралық байқаушы тіркелген. Сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрілігінде 37 мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарының 168 өкілі тіркелген.  Осылайша, ОСК ақпарынша, барлығы 1024 халықаралық байқаушы мен шетелдік БАҚ өкілі тіркелген. 

Камила Амирова




Яндекс.Метрика