Сайлау-2015

Кандидат Т.Сыздықов президентік сайлауда дауыс берді

Бүгін Қазақстан Коммунистік халықтық партиясынан Президенттікке кандидат Т.Сыздықов Астана қаласындағы №32 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бұл туралы ҚКХП республиқалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы 26 Сәуір, 13:07

«Мен жаңа ғана дауысымды бердім. Осы орайда мен сайлау үрдісі жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын атап өткім келеді, сайлау учаскесінің қызметкерлері кәсіби және бірегей қызмет атқаруда. Сайлаушылар белсенді қатысуда. Азаматтардың дауыс беруі ашық және әділ өтуі үшін барлығы жасалған», - деп атап өтті Т.Сыздықов.

Оның айтуынша, әр қазақстандық өз дауысын еркін, тек ішкі сезімдеріне негізделе отырып дербес білдіре алады.

«Бұл біздің қоғамның демократиялық құндылықтарды қолдайтынын білдіреді, сондай-ақ, біздің жеріміздегі бейбітшілік пен тыныштықты көрсетеді», - деп толықтырды ҚР Президенттігіне кандидат. 





Яндекс.Метрика