Сайлау-2015

Қазақстан жастары белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуі керек – студенттер (ФОТО)

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің студенттер үйінде орналасқан №23 сайлау учаскесіне сайлау басталғы үш сағат ішінде 500-ден астам сайлаушылар келді.
Астана қаласы 26 Сәуір, 14:16

Арнайы студенттер үшін жасақталған сайлау учаскесінде олар белсенді дауыс беруде.

 «Нур Отан» партиясы атынан жөнелтілген байқаушылардың айтуынша, жастар ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына таңертеңнен бері келуде және барлық талаптар сақталуда.

«Президент сайлауына алғаш қатысып отырған жастар өз таңдауларына аса үлкен ұқыптылықпен қарауда. Олар үшін бұл үлкен жауапкершілік. Олардың әр қайсысы өз ойларынша тұрақты болашақты қамтамасыз етітін кандидатқа дауыс беруде», - деді №23 сайлау учаскесінің төрағасы Алдажар Өтенов.

Аталмыш сайлау учаскесінде алғаш рет өз таңдауын жасап жатқандар шынымен көп. Бұдан басқа, Президенттік сайлау күнімен Астана қаласы инновациялық технологиялар колледжінің 2 курс студенті Ақсәуле Қалиеваның туған күні тұспа тұс келді, ол өзінің 18 жасын атап өтуде.

«Мен қатты қобалжып отырмын, мен бұл күні екі мерекені атап өтудемін. Менің ойымша әр азамат сайлауға қатысуға міндетті. Бұл оқиға әлем қауымдастығы үшін маңызды, сондықтанда жастардың міндеті белсенді азамттық ұстанымын көрсету», - деді туған күн иесі Ақсәуле Қалиева.

Әр жас сайлаушы өз мемлекетінің болашағы үшін дауыс беріп жатқанына сенімді, әрқайсысына өз таңдауын жасау маңызды.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика