Сайлау-2015

Сайлау компаниясы заңнама бұзушылықтарынсыз өтіп жатыр - ҚР ІІМ

Сайлау компаниясы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында тыныш өтіп жатыр, деп мәлімдеді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары генерал-майор Марат Демеуов.
Астана қаласы26 Сәуір , 12:38

«Сайлау компаниясы қолданыстағы заңнама аясында тыныш өтіп жатыр. Сайлау учаскелеріндегі қандай да бір бұзушылықтарға жедел әрекет ету үшін 22-26 сәуір аралығында жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр», - деді М.Демеуов ОСК-дегі брифингте. 

Сонымен қатар, оның айтуынша, ішкі істер органының, Ұлттық гвардияның  күші мен қаржысы есептелген, жеке құрамды орналастырудың тиісті жоспары әзірленген. 

«ІІМ мен аумақтық ІІД-де координацияларға басшылық бойынша арнайы штаб құрылды. Жергілікті атқарушы органдармен және тиісті аумақтық сайлау комиссияларымен өзара қарым-қатынас орнатылған. Сайлау учаскелері орналасқан жерлер өрт қауіпсіздігіне, құжаттардың сақталуына қатысты тексерістен өтті. Біз бюллетеньдер әкелінген сәттен бастап оларды тәулік бойғы күзетке ала отырып, барлық сайлау учаскелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз еттік. Сайлау заңнамасына қатысты кез келген өтініштерді, арыз-шағымдарды сайлау күні ішкі істер органы қабылдап, жедел қарайтын болады», - деп түсіндірді министрдің орынбасары. 

Сондай-ақ М.Демеуов атап өткендей, жол қозғалысының қауіпсіздігін бақылау, сайлау комиссияларына қызмет көрсетуге бөлінген автокөліктердің техникалық жағдайларының тексері де қамтамасыз етілген.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика