Сайлау-2015

Кандидат А.Құсайынов Астанадағы сайлау учаскесінде дауыс берді

Бүгін таңсәріден Әбілғазы Құсайынов жұбайымен бірге сайлау учаскесіне келді
Астана қаласы 26 Сәуір, 12:54

Аталмыш сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысын халықаралық сарапшылар атынан Мемдуманың ресейлік депутаты, бұрынғы белгілі боксшы Николай Валуев қадағалап отыр. Ол Астанаға келген әріптестерімен бірге сайлау процесін қадағалауда.  

Атап өтсек, ел президентінің сайлауына қатысу өтінімін Әбілғазы Құсайынов 12 наурызда берген. Қазақстанның кәсіподақ федерациясының басшысы ОСК-ге өз-өзін ұсынушы ретінде құжаттарын тапсырған. Ол кезде Әбілғазы Құсайынов өзінің сайлауға қатысуын, сайлау процесінің қоғамның өзекті мәселелерін көтерудің және оған әр қазақстандықтың назарын аудартудың мүмкіндігі екенімен түсіндірді. 

Айта кетелік, Әбілғазы Құсайынов 63 жаста. Ол Қарағанды облысының тумасы. Әр жылдары ол мемлекеттік құрылымдарда түрлі қызметтер атқарған: республика Парламентінің депутаты, көлік және коммуникация вице-министрі, Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік жолдары комитетінің төрағасы болған.  Сондай-ақ ол Қазақстанның индустрия және сауда вице-министрі қызметін де атқарған. 2009 жылы Құсайынов Көлік және коммуникация министрлігін басқарған. 2012 жылы Қарағанды облысының әкімі болған. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанның кәсіподақ федерациясын басқарып келеді.  





Дерекнама

Яндекс.Метрика