Сайлау-2015

Қазақстан сайлау өткізудің және барлық электоралды жүйесінің үлгісі болды - Жорди Чукла

Қазақстан өз өңірінде сайлау өткізудің және барлық электоралды жүйенің үлгісі болып табылады, деді ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының халықаралық байқаушысы ЕКПА-дағы Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсы тобының төрағасы Жорди Чукла журналистерге берген сұхбатында.
Астана қаласы26 Сәуір , 12:43

«Қазақстанға мен екінші рет келіп отырмын, мен сайлауға қатысты нәрсенің барлығы жақсы деңгейде өтіп жатқанын толық сеніммен айта аламын. Таңертеңгісіннен бері біз сайлау учаскелерінде болғанда жастардың белсенді қатысып жатқанын байқадық.     Жастар ме демократия арасындағы байланыстың негізгі көрсеткіш болғанын және бола беретінін айта аламын. Қазақстандағы жастардың сайлауға қатысып, дауыс беруі, олардың өз болашақтарына таңдау жасауы тек қуантарлық жағдай», - деп мәлімдеді халықаралық байқаушы. 

Сонымен қатар, Ж. Чукла атап өткендей, Қазақстан Еуразиялық аймақта сайлау өткізудің жарқын үлгісі.

«Айтқым келгені, Қазақстан өз аймағында сайлау өткізудің және электоралды жүйесі бойынша жарқын үлгі бола алды, біздің көңіліміз толды. Қазақстан шын мәнінде үлгі болуы керек», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, байқаушы баса айтқандай, Қазақстанда халық көбіне таңертең және жаппай дауыс беруде.

«Егер, Қазақстандағы сайлаушылар санын салыстыратын болсақ онда ол 80%-ға жуық шамада, ал Испанияда  60-70%. Қазақстанда байқағанымыз халық көбіне таңертең және жаппай дауыс беруге баруда. Біз бүгін 10 сайлау учаскесін аралауды жоспарлап отырмыз, ол Астана қаласы бойынша шамамен түске дейін 5, түстен кейін 4», - деп толықтырды байқаушы.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика