Сайлау-2015

Сайлауға жастардың көптеп қатысуы Қазақстандағы демократияны білдіреді – Испания сенаторы

Сайлауға жастардың көптеп қатысуы Қазақстандағы демократияны білдіреді, деді кезектен тыс сайлаудың байқаушысы Испания Парламенті Сенатының 8 және 9 шақырылымының депутаты Хосе Мария Чикильо журналистерге берген сұхбатында.
Астана қаласы26 Сәуір , 12:21

«Осы уақытқа дейін біз Қазақстанды бейбітшілікті сүйгіш бірлігі жарасқан мемлекет ретінде таныдық және бүгінгі сайлауға жастардың көптеп қатысуы Қазақстандағы демократияны білдіреді. Біз өз мемлекетінің болашағына немқұрайлы қарамайтын осыншама көп жастарды көргеніміз үшін қуаныштымыз», - деді ол.

Сонымен байқаушының айтуынша, сайлауға жастардың қатысуы жас ұрпақтың Қазақстанның болашағы туралы ойланатынын білдіреді. «Жастардың сайдауға қатысуы мемлекеттің демократиясы туралы айтады, сайлауға халық неғұрлым көп қатысса, олардың соншалықты көп бөлігі демократияға сенеді дегенді білдіреді», - деп атап өтті депутат.

Бұл ретте сенатор Қазақстандағы әр азаматтың өз ұстанымын еркін білдіретінін атап өтті. 

«Мен сайлау учаскелерінде барлығының мемлекет заңына сәйкес өтіп жатқанын байқадым, азаматтар өз ұстанымдарын белсенді көрсетуде, оған қоса әр азаматтың өзтаңдауы бар - сайлауға қатыса ма, қатыспай ма», - деп атап өтті Хосе Мария Чикильо.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін елімізде 3 кандидат ұсынылған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтуде.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика